Шымкент қаласы білім басқармасының
"№59 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(87252) 95-47-47
(8707) 592-77-22
Версия для
слабовидящих
Мектеп президентін сайлау
21
октябрь
2025
Мектеп президентін сайлау
N59ЖОББМ 🍂🍂🍂     №59 жалпы орта білім беретін мектебінде Мектеп Парламентінің ұлықтау рәсімі өтті.    Оқушыларға өзін-өзі басқару ұйымының жаңа құрамы таныстырылды. Мектеп Парламенті мүшелері  өз қызметтеріне ресми түрде кірісті. Мектеп Парламентінің құрамы:      ✔️Мектеп Президенті – Қырықбес Еркежан ✔️Вице-президент – Нысанәлі Ақтөре   ✔️Дебат министрі – Сүйіндікова Кәуса   ✔️Бұқаралық ақпарат фракциясының жетекшісі – Жомарт Кәусар   ✔️Экология және еңбек фракциясы – Асан Ақтілек  
ТІЛ -ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ,  ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ
30
сентябрь
2025
ТІЛ -ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ, ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ
  № 59 жалпы орта білім беретін мектебінде 23.09.2025 ж. күні  «Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні  онкүндігінің жоспарына сәйкес айтыскер ақынмен сырлы сұхбат ұйымдастырылды. Мектебімізге айтыс өнерінің майталманы, сөздің қадірін бағалайтын ақын – Нұрлан Есенқұлов қонақ болып келді. Кездесуде оқушылар ақындық  өнердің сырына қанығып, тіл құдіретін, сөз өнерінің қасиетін сезінді. Мұндай шаралар жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметін арттырып, ұлттық рухани
ТІЛ-ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ, ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ
30
сентябрь
2025
ТІЛ-ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ, ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ
ТІЛ-ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ, ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ   №59 жалпы орта білім беретін мектебінде 22.09.2025 ж.  күні «Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы» атты қазақ тілі мен әдеб иеті пәні онкүндігі басталды!     Онкүндіктің басты мақсаты – оқушыларды ана тілін ардақтап, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу, әдебиет арқылы рухани әлемін кеңейту.   #Шымкент_қаласы_білім_басқармасы
Ұлдар жиналысы
30
сентябрь
2025
Ұлдар жиналысы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 59 жалпы орта білім беретін мектебінде 23.09.2025 ж. күні мектепішілік ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста  мектептің iшкi тәртіп ережелері  таныстырылып, оқушылардың сабаққа қатысуы, қарым-қатынас мәдениеті, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтылып өтілді. Жиналысқа сонымен қатар  құқық қорғау органының қызметкері,  Шымкент ҚПД Абай АПБ  ЖПҚБ ЮПБ инспекторы  полиция аға лейтенанты Өмірәлі Тимур Шоханұлы қатысып,  мектеп
“Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігі-ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолдары” тақырыбында ашық есік күні
17
июль
2025
“Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігі-ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолдары”
Шымкент қаласы Білім Басқармасына қарасты N59 жалпы орта білім беретін мектебінде 16 мамыр күні “Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігі-ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолдары” тақырыбында қамқоршылық кеңес және ата-аналарға жылдық есеп ашық есік  күні өткізілді. #Біртұтас_тәрбие_Шымкент #сарсен_абайұлы #Шымкент_қаласы_білім_басқармасы
11  - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ  ҚОРЫТЫНДЫ  МЕМЛЕКЕТТІК  ЕМТИХАН  ТАПСЫРДЫ.
13
июль
2025
11 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚОРЫТЫНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ.
11  - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ  ҚОРЫТЫНДЫ  МЕМЛЕКЕТТІК  ЕМТИХАН  ТАПСЫРДЫ 📚 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 04 маусым күні «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінін жазбаша емтихан басталды.  Мемлекеттік әнұран  шырқалып, оқушылар  мемлекеттік емтиханға  жоғары дайындықпен келген.       Бітіруші түлектерімізге, 4 алтын белгі,  5 үздік аттестатқа үміткер оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Бітіруші түлектерге арналған "Аттестат тапсыру" мерекелік іс-шарасы
13
июль
2025
Бітіруші түлектерге арналған "Аттестат тапсыру" мерекелік іс-шарасы
Мектебімізде 2024–2025 оқу жылында  117 оқушы мектепті аяқтады. Олардың ішінде 4 түлек «Алтын белгі» иегері атанса,  5 оқушы «Үздік аттестат» алды.  Қымбатты түлектер! Мектеп атты өмірлік үлкен жолдың алғашқы белесін бағындырдыңыздар Армандарыңыз асқақ, бағыт айқын болсын! Білім мен тәрбиенің іргетасын қалаған осы жылдар — алдағы жарқын болашаққа берік негіз болғай! Жолдарыңыз болсын, түлектер! Ел үмітін ақтайтын азамат болыңыздар! Құрметті ата-аналар! Бүгінгі күн — сіздердің де мерекелеріңіз!