30
сентябрь
2025
Ұлдар жиналысы



Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 59 жалпы орта білім беретін мектебінде 23.09.2025 ж. күні мектепішілік ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста мектептің iшкi тәртіп ережелері таныстырылып, оқушылардың сабаққа қатысуы, қарым-қатынас мәдениеті, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтылып өтілді. Жиналысқа сонымен қатар құқық қорғау органының қызметкері, Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция аға лейтенанты Өмірәлі Тимур Шоханұлы қатысып, мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайында, жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсіндіру жұмыстары жүргізді. Ұлдар жиналысына 5-11- сыныптар бойынша барлық ұл балалар қамтылды.#тәрбие_әдістемелік_орталық#Қосымша_білім_беру_орталығы
#Шымкент_білім_басқармасы