18 декабрь 2025 0 1 2 3 4 5 "Біртұтас ел - Біртұтас жер" «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» жобасы аясында – ЕРЛІК САҒАТЫ 📍 Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №33106 шығыс хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде №59 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ерлік сағаты» өтті. 🔰 Шараның мақсаты – жас ұрпақ бойына патриоттық рух, отансүйгіштік қасиет, елге деген адалдық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру, батырлық пен ерлікті үлгі етіп, ел тағдырына бейжай қарамайтын тұлға тәрбиелеу. 🪖 Іс-шараға Шымкент қаласы 6506 әскери бөлімінің аға офицері, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, майор Ербол Отарбаев, №59 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Сахова Мөлдір Бекбосынқызы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Утеева Гүлназ Исматиллақызы қатысты. 💬 Ерлік сабағында қонақтар Отан алдындағы парыз, әскери борыш, батырлық пен жауапкершілік туралы тағылымды әңгіме өрбітті. Оқушылар офицермен ашық сұхбат құрып, Отан қорғаудың маңызы жайында өз ойларымен бөлісті. 📌 Мұндай тағылымды кездесулер оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастырып, ерлік пен елдікке бастайды. #БіртұтасТәрбие #ЕрлікСағаты Голосовать Результаты