Шымкент қаласы білім басқармасының
"№59 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 47-11-35
(8707) 592-77-22
Версия для
слабовидящих
29
апрель
2019

Наурыз мерекесі


Ұлыстың ұлы күні Наурыздың келуі жаңарудың белгісі. Ежелгі күнтізбеге сай қазақ халқы жаңа жылдың келуін 22 наурыз күні деп есептеген. Көктем келіп күнмен түннің теңелуіне байланысты жаңа күн деп санап, парсы күнтізбесі бойынша наурыз мейрамын тойлаған.  Бұл мейрамды түбі бір түркі халықтары арасында  бес мың жылдан бері атап өтіп келеді. Оның ішінде: Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қытай, Үндісан, Ауғанстан, Иран, Тркия және Қазақстан.
Бұл дәстүрлі түрде тарихқа айналған мейрам. Наурыз мейрамын түркі халықтарының бірі жиырма бірінде, бірі жиырма екісінде атап өтсе, қазақ елі 21-23 аралығында үш күн тойлатады. Дегенмен, он үш күн қатарынан тойлататын халықтар да бар.  Және әрбірінің дәстүрі мен өмір сүру салтына қарай тойлауы да сан алуан түрде өтеді.
Наурыздың келуінің өзі - жаңару. Қазақ елі Наурызды ежелгі замандардан бері атап өтеді. Қуаныш пен мейірімнің, бақ пен ырыстың, молшылық пен кеңдіктің белгісі болған мейрамда толық жаңару керек. Бұл күнге халық  барынша дайындалады. Үйдегі ескі заттарды шығарып, бір-біріне ақ тілектерін айтып, реніште жүрген дос-жарандар бір-бірінен кешірім сұрап, татуласады. Мұқтаж адамдарға қолдау, көмек көрсетіп барынша кең пейілді болады. Шаңырақта үлкен дастархан жайылып, келер жылда молшылық, байлық болсын деп ниет етеді. Соған байланысты, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының басты белгісі ретінде «наурыз көже» пісіріледі. Ол 7 түрлі заттан жасалады. Ұлттық тағамға қосылтын 7 түрлі зат біріншіден 7 аптаны білдіреді. Сонымен қатар, жеті саны ежелден қасиетті сан саналады. Өзге халықтарда да 7 заттан жасалатын тағамдар бар. Мысалы,  Өзбекстанда сумалак, Тәжікстанда «с» әріпіне басталатын 7 түрлі ас дайындаса, Әзірбайжанда от жағылып одан 7 рет секіреді.
Наурыз мейрамы турасындағы тағы бір дерек. 22 наурызға дейін Көрісу салтын атап өтіледі. Қыстан аман есен шыққан халық, туыс-туған, жасы үлкен қариялармен көрісіп, көрші –көлеңді қонаққа шақырып атап өтеді. Бұл күні барлығы аразықтарын ұмытып, өкпе-реніштерін кешіріп бір-бірімен қауышады. Бұл – «Амал» деп аталады. Халық алдағы жылға амал етеді. Осылайша жаңа жыл алдында халық толықтай аман-саулық сұрасып, көрісуді өткізеді. Көрісу – 14 наурыз күнінен басталып жыл соңына дейін жалғаса береді. Белгілі бір себептермен көрісе алмаған туыс-туғандар мүмкіндіктеріне қарай жолы түскен уақытында көрісуге келеді. Қазіргі уақытта бұл салтты Маңғыстау, Атырау өңірінің халқы сақтап қалған.
Ақ түйенің қарны жарылған, Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы бойына барлық салт-дәстүрлер мен ұлт ерекшелігін жинаған ерекше күн. Бұл күні жас-кәрісі бірігіп, ауыл-аймақ болып тойлатқан. Бүгінде өз ерекшеліктерін, мәні мен мағынасын жоғалтқан жоқ. Республика көлемінде тойланатын мерекеге әрбір қала, облыс, аудан орталықтары алдын ала дайындық жасайды. Қаладағы басты алаңдарда киіз үйлер тігіліп, алты бақандар орнатылады. Қазан-ошақтар қойылып наурыз көже қайнатылады, ұлттық тағамдар дайындалады. Қаланың әрбір тұрғыны ұлттық нақыштағы киімдер киіп жаңа жылды тойлату үшін көшеге шығады. Сахналар тігіліп, ән-биден шашу шашылады. Алаңдарда піскен наурыз көжеден кез-келген қонақ дәм тата алады. Әрбір отбасы өз шаңырағына мол дастархан жасап мүмкіндігінше жеті рет қонақ күтіп, жеті рет қонақ болуға тырысады.
Күн мен түн теңеліп жер дүние жаңарып, жасаратын күн. Жаңа жыл басталатын мейірім мен шапағатқа, қайырымдылық пен рақымға толы ай. Бұл мейрам тек үш күн ғана емес алдағы айдың соңына дейін көпшіліктің аузынан түспей тойланатын мереке. Тек қуанышпен, көтеріңкі көңіл-күй жыл бойына тек жақсылық болуаға ниет ету.

Похожие публикации:

29 апрель 2019 Ризашылық күні
29 апрель 2019 Мектеп тарихы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Cxgaax
15 июля 2024 03:57
cheap rogaine - purchase finpecia propecia 5mg without prescription
Whjpre
16 июля 2024 04:54
atenolol 100mg ca - order generic carvedilol 6.25mg coreg price
Xpbkwk
17 июля 2024 19:36
purchase verapamil pill - order valsartan 160mg online cheap buy tenoretic pills
Udhsbm
18 июля 2024 05:20
atorvastatin order - bystolic 5mg canada bystolic price
Srmxfc
20 июля 2024 14:27
lasuna online buy - order generic diarex order himcolin generic
Joyeme
21 июля 2024 22:16
purchase gasex online - ashwagandha over the counter buy cheap generic diabecon
Ylcmhn
29 июля 2024 16:02
finax where to buy - sildenafil 100mg pill buy generic uroxatral
Zxwacx
22 августа 2024 08:01
order besifloxacin online - carbocisteine over the counter buy sildamax online
Dgsomw
26 августа 2024 17:21
buy generic benemid 500mg - buy carbamazepine 200mg pills carbamazepine for sale online
Zbpone
31 августа 2024 17:53
colospa 135 mg cheap - cost pletal buy pletal 100mg generic
Lorheg
5 сентября 2024 05:33
diclofenac 50mg uk - purchase cambia aspirin 75 mg brand
Назад 1 2 3 Вперед